Тасымалдаушылар Алматы автобустарында SMS-төлемнің неге алып тасталғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тасымалдаушылар Алматы автобустарында SMS-төлемнің неге алып тасталғанын түсіндірді Фотоколлаж © Tengrinews.kz

Алматыда қоғамдық көлік салондарындағы SMS-төлем туралы ақпараты бар жапсырмалар алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда қоғамдық көлік салондарындағы SMS-төлем туралы ақпараты бар жапсырмалар алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жолаушылардың SMS-төлем туралы қойған сұрағына жүргізушілер ол жүйенің алып тасталғанын және енді SMS-төлемнің болмайтынын айтып жатты. 

"Green Bus Company" ЖШС директорының орынбасары Бақытжан Рысбаевтың айтуынша, қоғамдық көліктердегі жапсырмалардың алынуына әкімдіктен жасалған ескерту себеп болған.

"Алматыдағы қоғамдық көліктер үшін SMS-төлем алынған жоқ. Көліктердің коды мен SMS жіберу нөмірі жазылған жапсырма қағаздар әкімдіктің ескертуінен кейін алынды. Қаладағы барлық қоғамдық көліктегі жапсырмалардың алынған себебі - олар бұрын терезелер мен есіктерге жапсырылған, алайда ереже бойынша ол жерлерге жапсыруға болмайды, енді олар қоғамдық көліктің терезелерінің жоғары жағына жапсырылады", - деді Рысбаев.

Оның айтуынша, алматылықтар енді жолақыны SMS арқылы бір аптадан кейін ғана төлей алады. 

"Алматыда күніне орта есеппен 400 мың теңге жолақы SMS-төлем арқылы өтеді. Сондықтан SMS-төлем жүйеден алынбайды. Жапсырма қағаздарға тапсырыс қайта берілді, тапсырысты қабылдап алғандар жапсырмалардың бір аптада дайын болатынын айтқан, сондықтан мүмкіндігінше қайта іске қосуға тырысамыз", - деді ол.

Айта кетейік, Алматы қаласында қоғамдық көлікте жүру ақысы - 150 теңге, "Оңай" картасы бар жолаушыларға - 80 теңге, SMS-төлем де - 80 теңге. 

Tengrinews
Читайте также

Курс валют

 481.88   556.79   5.72 

 

Погода

Алматы
А
Алматы 7
Астана -1
Актау 9
Актобе 3
Атырау 13
Б
Балхаш 4
Ж
Жезказган -2
К
Караганда 1
Кокшетау -1
Костанай 11
Кызылорда -3
П
Павлодар 1
Петропавловск -2
С
Семей 4
Т
Талдыкорган 8
Тараз 12
Туркестан 1
У
Уральск -4
Усть-Каменогорск 13
Ш
Шымкент 3

 

Редакция Реклама
Социальные сети